05.10.2024 _ 08:00

Қымбатты ұстаздар, мереке құтты болсын!

Бүгін Қазақстанда ең маңызды мерекелердің бірі – Мұғалімдер күні атап өтіледі. Бұл балаларды ғажайып білім әлеміне жетелеп, оларды ойлауға, зерттеуге үйретіп, жаңалықтар ашуға және тың ізденістерге шабыттандыратын, сондай-ақ жас ұрпақ өкілдерінің бойында жауапкершілік пен бастамашылық құндылықтарын тәрбиелейтін жандардың төл мерекесі.

Ұстаз болу – ерекше миссия және жауапты міндет. Қиын сәттерде қолдау көрсетіп, жаңа мақсаттарға ынталандырып, оларды іске асыруға көмектескен мұғалімдеріміз бәріміздің де есімізде. 

Бүгінде Қазақстанда 600 мыңға жуық педагог еңбек етуде, олардың кәсібилігі мен ізгі қасиеттері – жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім алуының кепілі. 
Барлық мұғалімдерге, білім беру саласының қызметкерлеріне зор денсаулық пен амандық тілейміз.

Оқушыларға берген біліміңіз бен ерен еңбегіңіз, шыдамдылығыңыз бен жан жылулығыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!