АӨСШК бас хатшысының орынбасары Чжан Лин азаматтардың дауыс беруге белсенді қатысып жатқанын және учаскелік комиссиялардың қызметкерлері кәсіби деңгейдегі даярлығын атап өтті.
«Дауыс берушілердің белсенді қатысып жатқанын байқадық. Әсіресе жастар, көбі отбасымен балаларымен бірге келуде. Учаскелік комиссиялардың мүшелері дауыс беру үшін қажет жағдайларды қамтамасыз еткен. Байқау барысында дауыс берушілерден АӨСШК байқаушыларына қандай да бір шағымдар, ескертулер түскен жоқ», - деді спикер.