07.10.2024 _ 00:43

АЭС бойынша референдум: «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институтының exit-poll деректері

Amanat партиясының Қоғамдық саясат институтының exit-poll мәліметтері бойынша, азаматтардың 72,3%-ы атом электр станциясын салуды қолдайды, 27,7% - қарсы.

Сауалнамаға 44 160 адам қатысты.

Сауалнаманы учаскелерден шыға берісте exit-poll әдістемесін меңгерген кәсіби интервьюерлер жүргізді. 600 интервьюер мен супервайзер тартылды. Сауалнама 300 дауыс беру учаскесінде жүргізілді.