07.10.2024 _ 00:57

АЭС бойынша референдум: Еуразиялық интеграция институтының exit-poll мәліметтері

Еуразиялық интеграция институты Zakon.kz тапсырысы бойынша зерттеу жүргізді.

Сауалнама 250 учаскені қамтыды, оның 159-ы қалаларда, 91- і ауылдарда орналасқан. 30 546 азамат сұралды. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды. Барлығы 6 өлшеу ұйымдастырылды.

Exit-poll деректері бойынша азаматтардың 71,8% Қазақстанда атом электр станциясын салуды қолдап, 28,2% қарсы дауыс берген.