Сади Джафаровтың айтуынша, миссия ашықтықты қамтамасыз ету үшін ұлттық байқаушылардың белсенді қатысқанын көрді. Байқаушылар нәтижелерге әсер ететін техникалық қиындықтарды тіркеген жоқ, барлық учаскелерде қоғамдық тәртіп сақталды.
«Түркі мемлекеттерін ұйымының байқау миссиясы референдумның Қазақстан заңнамасына және халықаралық стандарттарға сәйкес ашық өткенін растайды. Миссия референдум - бұл Үкіметтің стратегиялық мәселелерді жүзеге асыруға және қоғаммен диалогты жалғастыруға деген ұмтылысын көрсететін маңызды оқиға», - деді миссия басшысы, ТМҰ Бас хатшысының орынбасары.