17.10.2024 _ 11:39

Иесіз қалған 7 гидротехникалық құрылыс жыл басынан бері мемлекет меншігіне қабылданды

Жыл басынан бері иесіз қалған 7 гидротехникалық құрылыс мемлекет меншігіне қабылданды. Оның төртеуі Қарағанды, екеуі Алматы және біреуі Павлодар облысында, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Қазіргі уақытта 3 иесіз гидротехникалық құрылысты республикалық меншікке алу процесі жүріп жатыр.

«Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі мен пайдаланылуына жауапты арнайы ұйымдар құрылды. Бұл ұйымдар тоғандар мен бөгеттер секілді шағын гидротехникалық құрылыстарды теңгерімге қабылдайды, бұл олардың техникалық жай-күйін бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді», - деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.