21.10.2024 _ 12:00

Қазақстанның эстетикалық топтық гимнастика құрамасы Эстонияда өтетін Әлем чемпионатына дайындалып жатыр

Гонконгтағы жарыс – Қазақстанның эстетикалық топтық гимнастика тарихындағы екінші Азия чемпионаты, екінші жарыс қатарынан отандық команда көшбасшы болып қала береді. Бұл туралы ОКҚ алаңында эстетикалық топтық гимнастика бойынша Қазақстанның бас жаттықтырушысы Венера Жайлауова айтып берді.

«Бірнеше жыл бойы жемісті дайындық жүргізген жаттықтырушыларымызға, Қазақстан федерациясына алғыс айтқым келеді. Қазір Қазақстан Республикасының құрама командасы қараша айында Эстонияда өтетін Әлем чемпионатына дайындалуда. Біз еліміздің атынан лайықты өнер көрсетеміз», – деп сендірді федерация өкілі.