24.10.2024 _ 09:22

24 қазанда Қазақстанда Кітапханашы күні атап өтіледі

Интернет пен цифрлық ресурстар дамыған заманда кітапханашы мамандығы өз қажеттілігін жоғалтқан жоқ, қазіргі уақытта кітапханалар әрдайым жаңа білім алуға және шығармашылық қабілетін шыңдауға болатын зияткерлік орталықтарға айналуда.

Кітапхана – смартфонды кітап алмастыратын орын, ал кітапханашы – қажетті ақпаратты табуға көмектесіп, бай тарихи, мәдени және ғылыми мұра сақталған әлеммен таныстыратын адам.  

Елімізде 12 мыңға жуық кітапхана бар, онда 73 млн-ға жуық кітап сақталған. 

Жаңа идеялардың, әсерлер мен мүмкіндіктер көзі кітап оқыңыздар! 

Мереке құтты болсын!