Мәселен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 4%-ға өсіп, 22 трлн теңгені құрады. Ағымдағы жылдың 9 айында өндірістің көлемі 4,8%-ды құрады.
Өндірістің артуы:
- жиһаз өнеркәсібі 17,9%;
- химия өнеркәсібі 9,5%,
- металлургия 8,3%;
- машина жасау 4,2% есебінен қамтамасыз етілді.
Жыл соңына дейін өсімді 5,1% деңгейінде қамтамасыз ету жоспарда бар.
Теміржол машиналарын жасау саласында жүк вагондарының өндірісі 6 есеге ұлғайып, 1 мыңнан астам бірлікті құрады. Ағымдағы жылдың жоспары – 4 мың.
«Біз отандық жүк, жолаушылар тепловоздары мен электровоздарын, жүк рефрижераторлы жолаушылар вагондарын, тұтас дөңгелектер мен осьтерді, роликті мойын тіректерді, темір жолдарға арналған өнімдерді өндіреміз және экспорттаймыз. Теміржол рельстері өткен жылдың сәйкес кезеңінен 50%-ға артық, 180 мың тонна өндірілді. Біз ҚТЖ-ның рельстерге деген қажеттілігін басым тәртіппен қамтамасыз етеміз, қалған көлемін Өзбекстанға, Грузияға, Әзербайжанға, басқа елдерге экспорттаймыз. Бұл жерде біздің міндетіміз Транскаспий дәлізінің (ТХКБ) және Солтүстік-Оңтүстік жаңа бағыттарын дамыту есебінен жүк айналымының жаңа ағындары бөлігінде ҚР көлік саласын дамытумен үндестіру болып табылады», – деді спикер.
Агрохимияда жылдық қуаттылығы 40 мың тонна аммоний сульфатын өндіру көзделген. Бұл тыңайтқыш дәнді, майлы, жемшөп және көкөніс дақылдарын өсіруде қолданылады. Жаңа және қолданыстағы қуаттардың арқасында олар фермерлердің қажеттілігін толығымен қамтамасыз ете алады.
Машина жасауда тұрмыстық техника өндірісі 2 есеге ұлғайды – 170 мың дана. Бұл – ас үй плиталары, шаңсорғыштар, теледидарлар, пештер, кір жуғыш машиналар, ас үй сорғыштары және басқа да тұрмыстық заттар. Жыл соңына дейін –шығарылымды 300 мың данаға дейін жеткізу жоспарланып отыр, Моңғолия, Өзбекстан, Беларусь, Әзербайжанға экспортты ұлғайту жоспарда бар.
«Құрылыс материалдары секторында республикадағы құрылыс объектілерін қажетті өніммен қамтамасыз ету міндеті тұр. Олар құрғақ қоспалар, гипстен жасалған бұйымдар, қабырға блоктары, коммерциялық бетон және басқа өнімдермен толықтай қамтамасыз етілген. Біз әлі де импорт басым болып тұрған әрлеу материалдарын шығаруды кеңейту бойынша жұмысты жалғастырамыз», – деп атап өтті вице-министр.
Жеңіл өнеркәсіпте қыркүйек айында Атырау қаласында қуаты жылына 15 млн шаршы метр тоқыма емес полиэфирлі геотекстиль өндірісі іске қосылды. Қолданылатын шикізат – полипропилен. Бұл өнімді автожолдар құрылысында, ғимараттардың іргетасын нығайту, дренаж жүйелерін салу үшін пайдалануға болады. Қара металлургияда шыбықтар мен арматуралардың рекордтық шығарылымы тіркелді – 704 мың тонна, бұл 17,5%-ға артық. Арматура құрылыс кезінде шаршы метрдің өзіндік құнының 10%-н құрайды. Саран қаласында автомобиль шиналарының өндірісі реттелген.