28.10.2024 _ 16:02

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ухнаагийн Хурэлсухтың шақыруымен Моңғолияға мемлекеттік сапармен келді.

Ұлан-Батыр әуежайында еліміздің делегациясын Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмунхийн Батцэцэг қарсы алды.

Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.