ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында бұл алгоритмнің негізгі кемшіліктері борышты төлегеннен кейін атқарушылық іс жүргізуді қозғау; қарыз құнына СМС жібергені үшін шығындарды қосу; прокурордың санкциясымен борышкердің барлық банктік шотына тыйым салу; іс жүргізу әрекетінің 3 жұмыс күніне дейін созылуы; сыбайлас жемқорлық тәуекелдері, азаматтардың ЖСО-на тәуелділігі және басқа тетіктер екенін атап өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша азаматтардың несие алуын азайту және әділет органдарының жұмысын одан әрі цифрландыру бойынша заңнамаға өзгерістер енгізіліп, қабылданды. Енді азаматтар ЖСО қызметіне ақы төлеуден және оларға бару шығындарынан босатылды. Мұндай мүмкіндік халыққа жеңілдетілген өндірістің жаңа институты аясында беріледі.
Мәселен, жеңілдетілген өндірісті қозғағаннан кейін 20 АЕК-ке дейінгі сомада азаматтар EGov Mobile-да жеңілдетілген өндіріс және қолда бар қарыз туралы толық ақпаратпен 1414-тен SMS хабарлама және push-хабарлама алады.
«Бұдан былай ЖСО-ға барудың және атқарушылық іс жүргізуді тоқтату мен тыйымс алуды алып тастау үшін берешекті өтеу туралы растайтын құжаттарды ұсынудың қажеті жоқ. Робот қарыз сомасы шегінде тек бір банктік шотқа тыйым салады, ал ЖСО барлық шоттарға тыйым салады. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін тыйым салуды автоматты түрде алып тастай отырып, қарызды онлайн төлеу қолжетімді болды. Осылайша адами фактор толығымен алынып тасталады», - деп түсіндірді ведомство өкілі.
Роботпен 230 мың атқарушылық өндіріс қозғалды, 117 мың өндіріс бойынша 941 млн теңге төленді.