28.11.2024 _ 09:26

Әлеуметтік инспекторлар жыл басынан бері халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау мақсатында 2,4 мыңнан астам тексеру жүргізді

2024 жылдың басынан бері Қазақстанның барлық өңірлерінде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары 2474 тексеру жүргізді, оның 629-ы профилактикалық бақылау шеңберінде, 655-ы жоспардан тыс, 1 190-ы прокуратураның талабы бойынша, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Тексеру қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 949 ұйғарым берілді, сондай-ақ жалпы сомасы 215,8 млн теңгеден астам айыппұл түрінде 961 әкімшілік жаза қолданылды.

Мемлекеттік бақылаумен: әкімдіктер – 174, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары – 99, ДК – 49, мектептер – 802, дүкендер – 21, жергілікті атқарушы органдардың бөлімдері мен басқармалары – 110, мәдениет үйі – 12, мұрағаттар, мұражайлар – 12, банктер – 12, балабақшалар – 468, колледждер, лицейлер – 144, кафелер, мейрамханалар, қонақ үйлер – 33, нотариустар – 4, мемлекеттік мекемелер-114, ауруханалар, емханалар-88, санаторийлер – 8, сауда үйлері – 39, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері – 9, полиция пункттері – 8, стомалогия – 4, оңалту орталықтары – 11, автобус паркі, авто/теміржол вокзалдары, әуежайлар – 9, кітапхана – 4, БЖСМ, спорт мектептері – 16 және басқалар қамтылды.

Мәселен, Абай облысында қоғамдық бірлестіктің өтініші бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді ортаның болмауына байланысты сауда үйлерінің біріне жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру қорытындысы бойынша субъект айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.

Бұл ретте инспекторлар мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылымды бейімдеудегі оң өзгерістерді атап өтеді.

«Жылдан жылға мүгедектігі бар адамдар үшін жағдай жақсарып келеді. Жаңа объектілірде пандустар, тұтқалар, тактильді құралдар, лифттер қарастырылып, қол жетімді болуда. Бұрыннан жұмыс істейтін нысандар да жаңғыртылуда. Мысалы, Grand Bazar базарында мүгедектігі бар адамдарға арналған 20 тұрақ бар, енді ешкімнің көмегінсіз екінші қабатқа көтерілуге болады. Барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарыт да қол жетімді болды: пандустар талаптарға сай жасалып, есіктер кеңейтіліп, табалдырықтар алынып тасталды. Бұл бағыттағы жұмыс тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр деп санаймын», – деді Тараз қаласының тұрғыны, екінші топтағы мүгедектігі бар Астанағұл Керімқұлов.

2023 жылғы 1 шілдеде ҚР Әлеуметтік кодексі күшіне енген кезден бастап, елімізде мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының институты енгізілді. Олардың құзыретіне мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы заңнаманың сақталуын бақылауды жүзеге асыру кіреді.