05.12.2024 _ 12:00

Жамбыл облысында 1152 кәсіпкерлік жоба қаржыландырылды

Биыл Жамбыл өңірінде ШОБ дамытуға 16,6 млрд теңге бағытталды. 31 млрд теңгеге 1152 жоба қаржыландырылды. Бизнесті дамытуға облыстың қаржы институттарымен 38,6 мың кәсіпкерге 154 млрд теңге несие берілді. Нәтижесінде, шағын және орта бизнес субъктілерімен шығарылған өнім көлемі 23,9%-ға артты. Жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 107 мың бірлікті, онда жұмыспен қамтылғандар саны 165 мың адамды құрады. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңындағы баспасөз конференциясында осылай деді.

Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы қосылған құны 330 млрд теңгені, ЖӨӨ-дегі үлесі - 23,5% құрады.

«2025 жылы өндіріс көлемін 1,2 трлн теңгеге арттыру, жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілер санын 110 мыңға, онда жұмыспен қамтылғандар санын 168 мыңға, жалпы қосылған құн көлемін 900 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда»,-деді спикер.  

Өңірде тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп, жаңа алқаптар мен шағын аудандар салынуда. Жыл басынан 577 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 3709 пәтерлі 78 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 2024 пәтер пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, көпбалалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік-осал топтары үшін 1575 пәтер сатып алынды. Жалпы, құрылыс және сатып алу есебінен әлеуметтік осал санаттағы 1963 отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 75%-ға артық.«Әулие ата жастары» жобасы аясында 140 жас отбасы баспанамен қамтылады. Биыл тұрғын үй құрылысына, сатып алуға 2 есе көп бюджет қаражаты бөлінді.2025 жылы да бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.  

Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету маңызды мәселелердің бірі. 

Ағымдағы жылы 68 жоба іске асырылуда (21,5 млрд теңге), жыл соңына дейін 37 ауылдық елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етіліп, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейін 98,1%-ға дейін жеткізу, ал 2025 жылы 100%-ға дейін жеткізу жоспарлануда. 

«Газдандыру аясында облыста 12 жоба іске асырылуда, 3 елді мекен таюбиғи газбен қосымша қамтамасыз етіліп, газбен жабдықтау деңгейі 91,1%-дан 91,3%-ға дейін жетті. Облыста «Еврохим-Қаратау» автоматты газ тарату станциясының құрылысы жүргізілуде. «Еврохим-Қаратау» ЖШС-ін газдандыру жалпы қуаты жылына 1 млн тоннадан астам өнім шығаратын минералды тыңайтқыштар мен күкірт қышқылын шығаратын ірі өнеркәсіптік жобалардың бірін іске асыруға мүмкіндік береді»,-деп хабарлады өңір басшысы.

 Бұдан бөлек, 2024-2025 жылдары 12,6 млрд теңге бюджет қаражаты есебінен облыстың жалғыз газбен қамтылмаған Мойынқұм ауданының елді мекендерін газдандыру жөніндегі жобаны іске асыру басталды. 2025 жылы газбен қамту деңгейін 91,5%-ға жеткізу жоспарлануда. 

Жамбыл облысындаңы жылу желілерінің ұзындығы 350 шақырымды құрайды, олардың тозу деңгейі - 54%-ға тең. Тараз қаласында М-1 негізгі жылу магистралі, Қаратаумен Жаңатас қалаларындағы орталық қазандықтар қайта жаңғыртудан өтті.  Келесі жылы Тараз қаласында М-3 жылу желілері мен жылу магистралін қайта жаңартуды бастау жоспарда бар, бұл 2025 жылдың соңына тозу деңгейін 53%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы  -10 мың шақырым. 
Ағымдағы жылы автожол саласын дамытуға 25,5 млрд теңге бөлініп,  құрылыс, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстарымен 710 шақырым жол қамтылды. Нәтижесінде, жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдар үлесі 99%-ға, 2025 жылы -  99,5%-ға, ал көше-жол желісі биыл 87%-ға, 2025 жылы - 89%-ға дейін жеткізіледі.