11.12.2024 _ 15:00

Нысандарды бейімдеу - мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғаудағы негізгі бағыт

2022-2025 жылдарға арналған Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарға сәйкес ЖАО-ның мүгедектігі бар адамдарға объектілер мен инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз етуі көзделген. Тең мүмкіндіктер жасау мақсатында министрлік «Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау» ақпараттық порталында (inva.gov.kz) «Қолжетімділіктің интерактивті картасын» әзірледі,  онда объектілерді бейімдеу бойынша әкімдіктердің жұмысы туралы толық ақпарат орналастырылады. Бұл картаға 40 мыңнан астам нысан бойынша мәліметтер енгізілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов мәлімдеді.

Жыл сайынғы жоспар 20%-ды. құрайды.

«2024 жылы нысандардың 40%-ын немесе 17 325 объектіні бейімдеу жоспарланған, 2027 жылы біз бұл нысандарды толығымен аяқтауымыз керек. Бүгінгі таңда ЖАО мәліметтері бойынша, қолжетімділік картасына енгізілген 22 166 нысан, яғни жоспарланған объектілердің 51,8%-ы толығымен бейімделген. Мәселен, өңірлерде мүгедектігі бар адамдар үшін 3 384 денсаулық сақтау объектісі; 7 577 білім беру объектісі; 1 819 мәдениет объектісі; 4 017 сауда, қызмет көрсету және т.б. қол жетімді. Өңірлік аспектіде жоспардан төмен көрсеткіштер Ұлытау және Маңғыстау облыстарында байқалды», – деп атап өтті Оспанқұлов. 

Еңбек және ұлттық экономика министрлерінің бұйрығымен тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы тексеру парағы бекітілді. Бұл мәселе бойынша тексерулер 2025 жылы басталады.  

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ, сондай-ақ олардың филиалдары бақылау субъектілері болып табылады. Тексеру парақтарында 12 критерий қамтылады, оның ішінде жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру; бала күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайы; жұмысынан айырылу жағдайы; еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы және басқалар бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру бар. «Азаматтарға арналған үкімет» және «МӘСҚ» Мемлекеттік корпорациясының 270 субъектісі бақылауға жатады. Тексеруге жататын объектілердің тізімдері Бас прокуратура мен Еңбек министрлігінің сайттарында орналастырылған.