«2025 жылы Алматыда осы халықаралық стандартты енгізуді бастаймыз, Алматы – бұл тәсілді қолданатын Қазақстандағы алғашқы қала. 2025-2026 жылдары кешенді абаттандырумен ұзындығы 49,2 шақырымды құрайтын 11 көше қамтылады. Бүгінгі таңда Достық даңғылын (Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін) және Пушкин көшесін (Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейін) қайта құру бойынша жобалардың ЖСҚ әзірлеу аяқталды. Құрылыстың басталуы келесі жылдың наурыз айына жоспарланған», – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев ОКҚ алаңында.
2025 жылдың ақпан айында Радостовец көшесі мен Мақатаев көшесін жобалау аяқталады, ал 2025 жылдың мамыр айында құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталады. Сондай-ақ 2025 жылы Желтоқсан көшесі бойынша Байтұрсынов көшесінен Райымбек даңғылына дейінгі ұзындығы 4,6 шақырым және Райымбек даңғылымен Пушкин көшесінен Алтын Орда көшесіне дейінгі ұзындығы 17,2 шақырым кешенді абаттандырумен 2 жаңа BRT желісі салынады.
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы алматылықтардан ерекше қолдау алды. Бүгінде қала тұрғындары белсенді қатысып, өз идеялары мен ойларын ұсынады. 2022-2024 жылдары халықтың ұсыныстарын ескере отырып, Алматыда 39,1 млрд теңге сомасына 938 жоба іске асырылды. Бағдарлама шеңберінде жобаларды іске асыруға 17 млрд теңге деңгейінде жыл сайынғы лимит белгіленді. Сондай-ақ іске асырылған жобаларды қолдауға әр ауданға орта есеппен 150-200 млн теңгеге дейін қаржы бөлінді.
2022 жылдан бастап «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын қаржыландыру 2,6 есеге, берілген жобалар саны 5,7 есеге ұлғайды. Бұл азаматтардың белсенділігі мен бағдарламаның тиімділігін көрсетеді. Оның аясында бос жерлерде жаңа жаяу жүргіншілер мен жағалау аймақтары, ойын алаңдары мен абаттандырылған аулалар салынады.
«Қаланың әрбір тұрғыны үшін жайлылық сезімі олардың аулаларынан басталады. Сондықтан біз демалу және қарым-қатынас жасау үшін заманауи және ыңғайлы орта жасай отырып, аула аумақтарын күрделі жөндеуге ерекше назар аударамыз. Мысал ретінде Әуезов ауданында аулаларды абаттандыру қалай жүргізіліп жатқанын көрсеткім келді, онда қаламыздағы аулалардың ең көп саны – 25%-ға жуығы орналасқан. Соңғы 3 жылда Әуезов ауданында 268 аула жөнделді, барлығы 966 аула. 560-қа жуығының ахуалы жақсы», – деп атап өтті Досаев.
Ағымдағы жылы 12 млрд теңгеге тағы 137 ауланы жөндеу үшін ЖСҚ-ға мемлекеттік сараптама алынды, ол бойынша 2025-2026 жылдары күрделі жөндеу жүргізіледі. Әуезов ауданының аулаларын абаттандыру 2026 жылдың соңына қарай 95%-ға дейін жеткізіледі.