Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
IX қысқы Азия ойындарында шорт-тректен 2000 метрге аралас эстафетада ақтық сайыста күміс иеленді. Команда сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан, Малика Ермек өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Фото: Сали Сабиров
Сонымен қатар, конькимен жүгіруден ерлер арасында 100 метрде бақ сынаған Евгений Кошкин күміс жүлде иеленді.