09.02.2025 _ 11:42

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының жеңімпазы атанды

Харбиндегі IX қысқы Азия ойындарында шорт-тректен 5000 метрлік эстафетада Қазақстан ерлер құрамасы топ жарды. Команда сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Нәсен, Абзал Әжіғалиев және Глеб Ивченко өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Фото: Сали Сабиров

Бұл Қазақстан шорт-трегі тарихында Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль. Бұған дейін тек күміс, қола жеңген болатын.

Ал шорт-трекші аруларымыз 3000 метрлік эстафетада күміс медаль жеңіп алды. Қазақстан құрамасының мүшелері – Яна Хан, Ольга Тихонова, Малика Ермек, Зейнеп Құмархан, Алина Әжғалиева және Мәдина Жанбосынова.

Сонымен қатар, Азия ойындарында фристайл-акробатикадан бақ сынаған қазақстандық Аяна Жолдас қола жүлде еншіледі (фото: Турар Казангапов).