11.02.2025 _ 10:55

Владислав Киреев - Харбиндегі Азия ойындарының жеңімпазы

Отандасымыз Владислав Киреев IX қысқы Азия ойындарында биатлоннан 10 шақырым спринтте чемпион атанды. Бұл Қазақстан делегациясының қоржынында түскен 3-алтын медаль, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.

Ол жарыс жолын 29 минут, 47.4 секундта жүріп өтті.

Тағы бір отандасымыз Вадим Куралес күміс жүлдеге ие болды.