12.02.2025 _ 09:01

Шаңғы жарысы: әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер командасы арасындағы эстафета өтті. Бұл сында (4×5 км) Ұлттық құрама мәреге Қытайдан кейін келді. Үздік үштікті Жапония шаңғышылары түйіндеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Фото: Турар Казангапов

Жарыс жолына Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина (классикалық әдіс), Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина (еркін әдіс) шықты.