26.03.2025 _ 17:00

Мемлекет басшысы Бангладеш Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппу мен Бангладеш халқын осы елдің ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қазақстан Президенті жеделхатында достық пен өзара түсіністікке негізделген екіжақты ынтымақтастық болашақта да қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мохаммад Шахабуддин Чуппудың жауапты қызметіне табыс, ал Бангладеш халқына құт-береке тіледі.