28.03.2025 _ 18:00

Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі мен төтенше жағдайлар министрінің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев пен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өңірдегі жер сілкінісінен кейінгі ахуал бойынша баяндамаларын тыңдады.

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновке әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті көмек көрсетуді тапсырды. 

Үкімет облыстағы ахуалды бақылауға алды.