01.04.2025 _ 16:12

Мемлекет басшысы 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады.

Самарқандта Қазақстан Президенті «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитінің отырысына қатысып, бірқатар кездесу өткізеді.