09.04.2025 _ 12:00

Қазақстан өңірлерінде МЖӘ жобаларын іске асыру рейтингін енгізу жоспарда бар

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Аслан Калигазин іске асырылған МЖӘ жобалары туралы айтты. Мәселен, 3,4 трлн теңге сомасына 1200-ден астам шартқа қол қойылды.
Қазақстан өңірлерінде МЖӘ жобаларын іске асыру рейтингін енгізу жоспарда бар

Спикердің айтуынша, ең көп келісімшарт білім беру, денсаулық сақтау, энергетика және ТКШ саласында жасалған. Аталмыш салалар шамамен 90%-ды құрайды. Бұл ретте құндық мәнде жобалардың шамамен 33%-ы көлік және инфрақұрылым саласына тиесілі, өйткені мұнда автожолдар, әуежайлар сияқты капиталды көп қажет ететін жобалар бар. 

«Былтырғы МЖӘ жобаларының статистикасы бойынша 54 шарт жасалды. Жартысынан көбі –Атырау, Түркістан облыстарындағы мектеп асханаларын жаңғырту жобалары. Олардың ішіндегі ең ірілері – Алматы облысының Қонаев қаласында кәріз тазарту құрылыстарын салу және пайдалану, жол және қоғамдық қауіпсіздік жүйесін енгізу және пайдалану жөніндегі екі жобасы, сондай-ақ Атырау қаласында 4 мың орындық екі мектепті салу және пайдалану жөніндегі екі жобасы. Басқа жобалардың қатарында абаттандыру, студенттік жатақханалар салу және спорт кешендерін, спорт клубтарын, БЖСМ ұйымдастыру және пайдалану бойынша спорт саласындағы 7 МЖӘ жобасы бар», - деді Аслан Калигазин.

Қаржыландырудың ауқымын және тиімді басқару қажеттілігін ескере отырып, өңірлік деңгейдегі қызметті мониторингтеу және бағалау мәселелеріне ерекше назар аударылады. Сондықтан, спикер атап өткендей, өңірлер үшін МЖӘ жобаларын іске асыру рейтингі енгізілуде. Мұндай жаңашылдық бюджеттен тыс қаржыландыру көздері мен тұтыну ақысы есебінен өтелетін жобалардың үлесін арттыру, әкімдіктердің мониторинг жүргізу процесін жолға қою мақсатында енгізіледі. Қазір рейтингті есептеу әдістемесі әзірленіп жатыр.