17.04.2025 _ 09:10

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарларын тағайындады

Президент Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарларын тағайындады

Мемлекет басшысының өкімдерімен Расул Сурмалиевич Ахметов және Дмитрий Валерьевич Останькович Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары қызметінен босатылды.