01.05.2025 _ 07:51

Бүгін – Қазақстан халқының бірлігі күні

Бұл күн еліміздегі тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің негізінде жатқан басты құндылықтар – ынтымақтастық, жасампаздық және жауапкершіліктің белгісі.
Бүгін – Қазақстан халқының бірлігі күні

Қазақстан – мәдениеті мен дәстүрлері әртүрлі этностардың басын қосып отырған қасиетті мекен. Өзара түсіністік пен қолдау, елімізге деген сүйіспеншілік, болашақты бірлесе құру сынды ортақ мақсат – бәрімізді мықты етеді.

Барша қазақстандықтарға зор денсаулық, бақыт, жаңа жетістіктер тілейміз! Еліміз өркендей берсін! Мереке құтты болсын!