17.05.2025 _ 08:19

Қазақстандық байланыс қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде

17 мамыр күні Қазақстанда Байланыс қызметкерлері күні атап өтіледі. Бұл кәсіби мереке еліміздің күнтізбесіне 2019 жылы енгізілген және оның кездейсоқ таңдалмағаны белгілі – дәл осы күні, яғни 1865 жылғы 17 мамырда Халықаралық телеграф одағы құрылып, кейін ол Халықаралық электр байланысы одағы болып өзгертілген.
Қазақстандық байланыс қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтуде

Қазіргі заманда байланыс құралдары аса маңызды рөл атқарады. Олар адамдар, ұйымдар мен мемлекет арасындағы тұрақты өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Байланыс қызметкерлерінің еңбегінің арқасында дәрігерлер, құтқарушылар және құқық қорғау органдары уақытылы көмекке келеді, бизнес дамиды, ал мемлекет барлық құрылымдардың жұмысын үйлестіріп, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, экономиканы нығайтады және азаматтарға қажетті қызметтерді ұсынады.

Сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз. Баршаңызға денсаулық, амандық және толағай табыс тілейміз.