28.05.2025 _ 20:38

Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында сауда-экономика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Президенттер екі ел арасындағы достыққа, тату көршілікке және одақтастыққа негізделген мемлекетаралық байланыс қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.