08.06.2025 _ 09:04

Бүгін Қазақстанда екі маңызды саланың мамандары кәсіби мерекелерін атап өтуде – жеңіл өнеркәсіп пен мал шаруашылығы қызметкерлері

Жыл сайын маусымның екінші жексенбісінде елімізде Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні мен Малшылар күні атап өтіледі.

Тоқыма, аяқ киім, арнайы киім – күнделікті сұранысқа ие осы тауарлардың барлығы сала мамандарының тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Ал мал шаруашылығы саласының қызметкерлері еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайта отырып, халықты табиғи өнімдермен қамтамасыз етеді.

Осы салаларда еңбек етіп жүрген азаматтарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық, амандық және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз.