20.07.2025 _ 09:00

Қазақстандық металлургтер кәсіби мерекесін атап өтуде

Қазақстанда Металлург күні шілде айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.

Металлургия – елдің өнеркәсіптік қуатының негізі. Металлургтер құрылыс, машина жасау, мұнай-газ секторы мен энергетика сияқты негізгі салаларды қажетті шикізатпен және материалдармен қамтамасыз етеді. Бұл мамандық терең білімді, жоғары жауапкершілік пен мұқияттылықты, сондай-ақ үнемі жаңа технологияларды меңгеруді талап етеді.

Қазақстандық металлургтерді кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, мол бақыт, амандық және жаңа жетістіктер тілейміз!