28.07.2025 _ 18:03

Мемлекет басшысы опера әншісі Әйгерім Алтынбекті құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өткен ХІ халықаралық CLIP 2025 опера байқауында топ жарып, жеңімпаз атанған Әйгерім Алтынбекке құттықтау жеделхатын жолдады.

«Еліміздің мәдениетін төрткүл әлемге танытып, халықаралық сарапшыларды мойындатқан бұл жетістігіңіздің мән-маңызы зор. Сіз мемлекетіміздің мерейін үстем етіп, төл өнерімізді әлемнің төріне шығардыңыз. Алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра бересіз деп сенемін!» – деп жазды Президент.