30.07.2025 _ 10:18

Қазақстан Президенті жанындағы ОКҚ және Түркия Президенті жанындағы Коммуникациялар дирекциясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Анкара. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына ресми сапары барысында ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі (ОКҚ) мен ТР Президенті жанындағы Коммуникациялар дирекциясы (КД) арасында Медиа және ақпарат саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойылды. Құжатқа ОКҚ директоры Асқар Омаров пен КД басшысы Бурханеттин Дуран қол қойды.

Меморандумда медиааналитика, цифрлық коммуникациялар, контент алмасу және мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламалары қамтылған.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапары аясында 18 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды.