29.08.2025 _ 10:45

Сауран ауданында «Келешек мектептері» жобасы аясында 300 орындық мектеп ашылды

Сауран ауданында Конституция күні қарсаңында 300 орынға арналған «Келешек мектептері» жобасы аясында Сұлтанбек Қожанов атындағы жалпы білім беретін мектеп ашылды, деп хабарлайды Түркістан облысының әкімдігі.

Жаңа мектепте заманауи жабдықталған сыныптарда сапалы білім алуға және ұстаздар үшін еңбек етуге барлық жағдай жасалған. Екі қабаттан тұратын мектептің жалпы аумағы – 2 гектар. 115 орындық акт залы мен шеберхана, асхана мен кітапхана, спорт залы мен медициналық пункт бар. Бейнебақылау камералары орнатылған. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы – ел болашағына жасалған маңызды инвестиция. Жоба аясында өңірімізде 29 Келешек мектептің құрылысы жүргізілді. Өткен оқу жылында 13 мектеп пайдалануға берілсе, ал биыл жаңа оқу жылында 16 мектеп пайдалануға тапсырылады деп жоспарлануда.