30.08.2025 _ 07:12

Бүгін Қытайдың ағылшын тілді танымал Сhina Daily газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы жарық көрді

Бүгін Қытайдың ағылшын тілді танымал Сhina Daily газетінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Strong Kazakh-Sino ties key to successful cooperation» («Қазақстан мен Қытайдың берік қарым-қатынасы – табысты ынтымақтастық кепілі») атты мақаласы жарық көрді. Мақалада Қазақстан мен ҚХР арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті дамыту, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлеуетін нығайту тақырыптары қозғалған.

Газеттің дүниежүзілік таралымы – 700 000 дана. 

Басылымның газет, онлайн және мобильді нұсқаларын әлем бойынша 350 миллионнан астам адам оқиды.


Мақалаға сілтеме.