31.08.2025 _ 08:30

Бүгін шахтерлер өздерінің кәсіби мерекесін атап өтуде

Қазақстанда тамыз айының соңғы жексенбісінде Шахтер күні атап өтіледі.

Шахтерлердің еңбегі – ауыр, әрі үлкен жауапкершілікті, кәсіби шеберлікті, ерлік пен батылдықты талап ететін жұмыс. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан кенші әулеттерінің көпжылдық дәстүрлері – төзімділікке, өзара демеушілік пен сенімділікке негізделген еңбек мәдениетін қалыптастырады.

Барша шахтерлер мен сала ардагерлерін мерекемен құттықтаймыз!