01.09.2025 _ 07:15

Қазақстанда Білім күні атап өтіледі

Елімізде 1 қыркүйекте Білім күні атап өтіледі. Бұл – оқушылар мен студенттер, мұғалімдер мен оқытушылар үшін ерекше мереке, өйткені ол білімнің елдің, қоғамның және әрбір адамның табысты дамуының басты құндылығы екенін еске салады.

Биыл мектептерде оқу процесі 2 қыркүйектен басталады. Жалпы 4 миллионнан астам оқушы мектеп табалдырығын аттайды, оның ішінде 360 мыңнан астамы – бірінші сынып оқушылары. 

Жаңа оқу жылы қызықты сабақтарға, жаңа жобаларға толы болып, бұрынғы жетістіктермен шектелмей, жаңа нәтижелерге жеткізсін!