14.09.2025 _ 08:00

Бүгін – Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласы жұмыскерлері күні

Бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика саласы жұмыскерлері күні қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтіледі.

Сервис инженерлерінің, реттеушілердің, операторлардың еңбегі өнеркәсіп пен энергетикадан бастап, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен қалалық инфрақұрылымға дейінгі көптеген саладағы аспаптардың жұмысыныңың дәлдігін, сенімділігін және тиімділігін қамтамасыз етеді. Заманауи шешімдерді енгізу және үдерісті бақылау – сала мамандарының ел дамуына қосқан үлесін стратегиялық тұрғыдан маңызды етеді.