21.09.2025 _ 16:13

Мемлекет басшысы грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды құттықтады

«Айдос Сұлтанғалиды Әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын! 

Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз. 

Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін!», – деп жазды Президент Instagram парақшасында.