«Жаңа инвестициялық циклдің негізгі инвесторлары Үкімет айқындаған перспективалы тауашалардағы компаниялар болады — бұл машина жасау, мұнай-газ-химия, жаңартылатын энергия көздері, қазіргі заманғы АӨК, жоғары қайта бөлу металлургиясы, онда жоғары жаһандық бәсекеге қабілеттілігі бар экспорттық өндірістер құруға болады. Тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем бойынша осы салалардағы еңбек өнімділігінің деңгейі өңдеу өнеркәсібі бойынша өнімділіктің орташа деңгейінен едәуір асып түседі және тиісінше экономиканың өсуіне ықпал етеді», – деді Арман Қасенов.
Спикер Үкімет қолайлы инвестициялық ахуал құру және инвесторлармен тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту жөніндегі жұмысты жалғастыратынын атап өтті.