01.10.2025 _ 09:01

1 қазан – Радио күні

Қазақстанда алғашқы радиохабар 1921 жылдың қазан айында эфирге шықты. Содан бері көп нәрсе өзгерді: жаңа ақпараттық технологиялар, әлеуметтік желілер қарқынды дамуда. Дегенмен радио әлі де сенімді ақпарат көзі болып қала береді және қоғамның мәдени-танымдық дамуында маңызды рөл атқарады. Миллиондаған қазақстандық күн сайын жолда, жұмыста және үйде радио тыңдайды. Радио қызметкерлерінің еңбегі мен өз ісіне адалдығы эфирді әрдайым жанды әрі қызықты етеді.