05.10.2025 _ 08:03

Мереке құтты болсын, құрметті ұстаздар!

Қазақстанда 5 қазанда ең маңызды мерекелердің бірі – Мұғалім күні атап өтіледі. Ұстаздық – жай қызмет емес, оның маңызы әлдеқайда биік . Ол – терең білімді, шыдамдылықты, жауапкершілікті және өз ісіне шынайы сүйіспеншілікті талап ететін игі қызмет.

Мұғалімдер балаларды білім нәрімен сусындатып, кеңірек ойлануға, шешім қабылдауға, өз бетінше әрекет етуге және бастамашыл болуға үйретеді. Қиындықтарды еңсеруге, мақсатқа жетуге көмектескен, қолдау көрсеткен ұстаздарымыз әлі де есімізде. Ұстаздардың кәсіби біліктілігі, энергиясы мен жоғары адами қасиеттері – жас ұрпақты табысты тәрбиелеу мен оқытудың кепілі.

Барлық мұғалімдерге мықты денсаулық, амандық тілейміз. Білім бергеніңіз және адал еңбегіңіз үшін алғыс айтамыз!