Жоба шеңберінде облыстық балалар ауруханаларының төсек-орын қорын қайта қарау жұмыстары жүргізілуде. Төсек-орын санын 5,7%-ға – 5319-дан 5621-ге дейін ұлғайту көзделген, бұл балаларға стационарлық көмектің қолжетімділігін арттыруға және медициналық персоналға жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.
Жаңарту жобасының маңызды бағыты – медицина кадрларын даярлау. Астана қаласының № 2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының базасында мамандар даярлау басталды. Барлығы 1000-нан астам медицина қызметкерін оқыту жоспарлануда.
Сонымен қатар, медициналық жабдықты жаңарту және жаңа қондырғыларды сатып алуды қоса алғанда, жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2028 жылға дейін балалар ауруханаларындағы жабдықтар саны 598-ге дейін артады. Саланы қаржыландыруды жетілдіру шеңберінде балалар бейіні бойынша медициналық қызметтерге тарифтер де қайта қаралуда. Бұл балалар ауруханаларының қаржылық тұрақтылығын нығайтуға, бейінді бағыттарды дамытуға және балаларға медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді.