06.11.2025 _ 10:00

«Күлкілі, бірақ ақиқат емес: мемдер манипуляция мен жалған мән-мағынаны қалай жасырады». Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының жаңа шығарылымы

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығының кезекті шығарылымында жай суреттің сананы манипуляциялау құралына қалай айналатыны туралы айтылады.

Мемдер неге жаңалықтардан қауіпті болуы мүмкін? Әзіл түрінде берілген мемдер адамдардың эмоциясын туғызып, пікірін қалыптастырады, шынайылықты қабылдауына әсер етеді. Бір ғана «сәтті» жасалған мем қоғамның көзқарасын кез келген жаңалықтан тез өзгертіп жібере алады.

Әзілдің енді әзіл еместігін қалай түсінуге болады? Толығырақ Орталық коммуникациялар қызметінің ресми ресурстарынан көре аласыз.