10.11.2025 _ 09:07

Қазақстанда Цифрландыру және ақпараттық технологиялар жұмыскерлері күні атап өтіледі

Бүгінде елімізде цифрландыру мен жасанды интеллект құралдары қарқынды енгізіліп жатыр.

Президент алдағы үш жылда Қазақстан толыққанды цифрлық мемлекетке айналуға тиіс деген міндет қойды. Бұл тек технологиялық трансформация емес – AI, инновациялық платформалар мен электрондық сервистердің дамуы өмірімізді жайлы, ал экономиканы тиімді әрі ашық етеді. Сондықтан IT саласы мамандарының еңбегі Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін стратегиялық маңызға ие. Бұл сала жоғары біліктілікті және үздіксіз дамуға деген ұмтылысты талап етеді.

Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!