12.11.2025 _ 14:50

Дәрігерлер әлемдегі ЖРВИ мен тұмау бойынша қазіргі жағдай туралы айтты

Халықаралық ұйымдардың мәліметтері бойынша, қазір еуропалық аймақта аурудың маусымдық өсуі байқалады. Бірақ Испания мен Ұлыбритания сияқты бірқатар ел тұмаумен ауыратындардың көбейгенін атап өтті. Еуропалық аймақта H3N2 тұмау вирусы басым және H1N1 вирусының айналымы байқалады. Бұл туралы ҚР ДСМ Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары Манар Смағұл ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Ресейде аурушаңдық маусымдық деңгейде де байқалады. Бірақ алдыңғы аптамен салыстырғанда тұмау ауруының өсуі байқалады және H3N2 тұмау вирусының айналымы басым. Сонымен қатар Ресей Федерациясының мамандары респираторлық синцитиальды вирустың айналымын көрсетеді. Бұл – 2 жасқа дейінгі балаларға және 65 жастан асқан адамдарға көбірек әсер ететін маусымдық вирус. 

«Азия өңірінде тұмаумен сырқаттанушылықтың өсуі байқалды. Ауру жағдайлары 5 апта бұрын, яғни 3 қазанда басталды. Тұмаумен сырқаттанушылықтың жоғары деңгейі Қытай, Оңтүстік Корея және Индонезия елдерінде байқалады», – деді спикер.

Оның айтуынша, америкалық аймақ аурудың маусымдық деңгейімен сипатталады. Оңтүстіктегі кейбір штаттарда тұмауға ұқсас аурулардың біршама артқаны байқалады. Бұл жағдайда екі штамм да H1N1 (PDM09) және H3N2 сияқты тең пропорцияда айналады.

Батыс, Шығыс және Орталық Азия елдері маусымға тән емес оң штамдардың көрсеткіші жоғары екенін атап өтті. Африка аймағында негізінен H1N1 тұмау вирусы (PDM09) таралады.

Сонымен қатар халықаралық сарапшылардың айтуынша, вирустардың айналымына назар аудару қажет – тұмаудан бөлек, респираторлық-синцитиальды вирус, риновирус, метапневмовирус, аденовирус сияқты басқа да тұмауға жатпайтын вирустар белсенді түрде таралуда. Яғни, қазір тұмаусыз вирустық инфекциялар маусымы байқалады және коронавирустық инфекцияның айналымы жалғасуда.