Биыл Степногорск қаласында шамамен 17 шақырымнан астам жылу желісі жөнделді, ол желілердің тозуын 68%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Степногорск жылу-электр орталығында бес турбина генераторы мен алты қазандықта жоспарланған жөндеу жұмыстары толық көлемде аяқталды. Сондай-ақ Атбасарда жылу желілері реконструкцияланды, оның тозу көрсеткіші 68%-ға дейін төмендеді.
Облыс орталығы Көкшетау қаласы да назарда. Жылу көздері мен желілері бойынша жоспарланған жұмыстар 100%-ға істелді.
«Жылу беру маусымы қалыпты режимде өтуде. Нормативтік көмір қоры жиналған, халық үшін тапшылық жоқ. Көкшетау қаласында жылу тапшылығын шешетін жылу-электр орталығының құрылысы қарқын ала бастады. Алдын ала инженерлік-геологиялық іздестіру жұмыстары орындалды. Ағымдағы сәтте жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және құрылысты бастау үшін барлық қажетті техникалық шарттар алынды. 2028 жылы бірінші кезекті іске қосу жоспарлануда. Екінші кезегін іске қосу 2029 жылға жоспарланды», – деді әкім.
Сумен жабдықтаудың тұрақтылығы мен сапасына ерекше назар аударылуда. Бұл мақсаттарға биыл 36 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Осы жылы 77 ауыл сумен қамтамасыз етіледі. Оның 36 ауылы – су құбырлары желілерін салу есебінен жүргізілсе, қазір 16 ауылда жұмыстар аяқталған. 41 ауылда кешенді блокты-модуль орнатылды. Су сапасын жақсарту мақсатында биыл 17 ауылдағы су құбырлары желілерінің реконструкциясы аяқталады, оның ішінде7 ауылда жұмыстар толықтай бітті. Нәтижесінде 44 мың тұрғын қосымша сапалы сумен қамтамасыз етіледі.
Тамыз айында Көкшетау қаласында жаңа су тазарту құрылысы іске қосылды. Жаңа кешен қазіргі заманғы технологиялармен жабдықталды, олар суды тазалаудың бес сатысынан өткізуге мүмкіндік береді.
Биыл электр желісінің 165 шақырымды қамтитын алты жоба іске қосылатын болады. Ол тапшылықты жоюға мүмкіндік береді және астана маңындағы 30 мыңнан астам тұрғынды үздіксіз жарықпен қамтамасыз етеді. Қосшы қаласында электр энергиясы тапшылығын шешу үшін үш қосалқы станцияның жобалау жұмыстары аяқталуға жақын, олардың құрылысы 2026 жылы басталады.
Қосалқы станциялар 9 шағын ауданды тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар Көкшетау қаласында келесі жылы екі қосалқы станция салу жоспарлануда, олар жаңа кәсіпорындарын қосуға қосымша қуат беретін болады.
Астана маңы елді мекендерін газдандыру жұмысы жалғасуда. Бұған дейін газбен жабдықтау жүйесіне Аршалы ауданының 17 ауылы қосылды. Биыл 48 мың адам тұрғыны бар 6 елді мекен газбен қамтамасыз етілді. Қосымша тағы 2 ауылға газ беріп, келесі жылы басқа 6 елді мекенді көгілдір отынмен қамту жоспарлануда. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде биыл табиғи газға қол жеткізетін тұрғындар саны 115 мың адамға, ал келесі жылы – 226 мың адамға жетеді. Одан бөлек, 8 ауылға газ беру бойынша жоба әзірленуде – оларды 2027–2028 жылдары жүзеге асыру жоспарланған.
Мемлекеттік қолдау аясында тұрғын үйлерді газдандыру кезінде әлеуметтік осал топтар үшін әлеуметтік көмек қарастырылған.