Оның айтуынша, ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне ұлттық спорт түрінің төртеуі енгізілді: құсбегілік, қазақ күресі, асық ату және тоғызқұмалақ.
«Тоғызқұмалақ спорт түрі елімізде қарқынды даму үстінде. Алматы қаласында 17-23 қараша аралығында жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан ІІ Әлем чемпионаты өткізіледі. І Әлем чемпионаты 2023 жылы Алматы қаласында өткізілген. Республикалық федерация тарапынан үлкен жұмыс жүргізіліп, 2 жылда 1 рет өткізілетін болып бекітілген», – деді спикер.
Тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасындағы ІІ Әлем чемпионатына 20 елден спортшылар қатысады. І чемпионатта 16 елдің өкілдері бақ сынасқан. Биылғы жарыста классика онлайн/офлайн; рапид пен блиц офлайн өтеді.