ІІМ жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында бірқатар шаралар қабылдады, атап айтқанда, жаңа технологиялар енгізііп, жедел-профилактикалық іс-шаралар, жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша акциялар өткізеді, заңнаманы жетілдіруде.
«Бірақ бұл шаралардың барлығы әркімнің жеке жауапкершілігін алмастыра алмайды», – деп атап өтті Ғалым Саргулов.
ІІМ өкілі ата-аналарды балаларға жолда қауіпсіз жүріс-тұрысты үйретуге, ал жүргізушілерді қауіпті іс-қимыл жасамай, жылдамдық режимін сақтауға, жолда мұқият болуға шақырды.
Ғалым Саргулов жолдағы қауіпсіздік – бұл тек полицияның ғана емес, әрбір қазақстандықтың міндеті екенін атап өтті.