15.11.2025 _ 09:03

Бүгін Қазақстанда Ұлттық валюта– теңге күні атап өтіледі

1993 жылғы 15 қарашада еліміздің төл валютасы – теңге айналымға енгізілді. Бұл маңызды қадам Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтып, экономиканың дамуына жол ашты. Екі жыл бұрын қаржы қызметтерін халыққа қолжетімді, бизнеске ыңғайлы ету мақсатында ұлттық валютаның инновациялық түрі – цифрлық теңге іске қосылды.

Ұлттық валюта – экономикалық үдерістердің негізі әрі Қазақстанның тұрақты дамуының маңызды тетігі.