13.12.2025 _ 09:00

13 желтоқсан – Қылмыстық-атқару жүйесі жұмыскерлері күні

Биыл Қазақстанда алғаш рет Қылмыстық-атқару жүйесі жұмыскерлері күні атап өтіледі. ҚАЖ қызметкерлері маңызды мемлекеттік миссия атқарады – қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сотталғандардың түзелуі мен әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасайды, құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысады. Қылмыстық-атқару жүйесіндегі жұмыс жоғары жауапкершілікті, төзімділікті және қызметтік борышқа бұлжымас адалдықты талап етеді.