22.12.2025 _ 09:01

Бүгін архившілер өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді

1998 жылғы 22 желтоқсанда «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заң қабылданып, елімізде архив ісінің қалыптасуы мен одан әрі дамуына негіз қалады. Архив – бұл жай ғана құжат сақтайтын орын емес. Бұл – мемлекеттің жады, сабақтастықтың негізі, басқарушылық шешімдер қабылдау мен ғылыми зерттеулер жүргізуге қажетті сенімді деректердің көзі.

Бүгінде тарихи құжаттарды сақтаумен қатар цифрлық технологиялар да белсенді енгізіліп жатыр: электрондық архивтер құрылып, қорлар цифрландырылып, есепке алу мен іздеу үдерістері автоматтандырылуда. Архившілердің еңбегі зор жауапкершілікті, жоғары кәсібилікті, ұқыптылықты және әрбір құжаттың құндылығын терең түсінуді талап етеді.

Мереке құтты болсын!